Маңғыстаудан қоқыс жеп жүрген жылқылардың фотосы жұрттың жүрегін ауыртты

Oinet.kz 08-06-2021 1873

Маңғыстау облысында азық іздеп, қоқыс жағалаған аш жылқылардың суреті тарады. Желі қолданушылары мұндай көріністі қарау жүрекке ауыр тигендерін айтуда. 

Screenshot_1.jpg

Драматург Сая Қасымбек жариялаған жылқылардың фотосы көпті алаңдатып қойды. 

"Алла-ай, ең асылымызды қорлағанымыз қалай?! Маңғыстаудың жылқысы қоқыс жеп жүр. Әкем: "Жылқы - суды тұнығынан ішеді. Жуындыға тұмсық тықпайтын тек жылқы ғана!", - деп отырушы еді. Мына фотоны көріп, тектімізді қор қылғанымыздың шексіздігіне ішім удай ашып кетті-ау?! Кеңес өкіметін жамандаймыз. Бірақ ол кезеңде мынадай масқараға жол бермеді. Отыз жылда жеткен жеріміз осы болғаны ма?", - дейді жазба авторы Сая Қасымбек. 

Желі қолданушылары қазақта киелі саналатын жылқы малының осындай күйге түскеніне сенбейтіндерін жарыса жазуда. 

"Мына көрініске қарау қандай ауыр еді ,киелі ер қанаты деген текті жылқымыздың мына шарасыз күйі көңілді ауыртады екен! Адамдарда мейірім азайып, малдан береке кетті деген осы болар! Өкінішті!", - деп жазды Фарида Баракова есімді желі қолданушысы. 

Маңғыстаудағы қуаңшылықтың зардабын тартып отырған халыққа алаңдаған желі қолданушылары жағдайға немқұрайлы қарамауға үндейді.

Танымал блогер Қазақстандағы ең қымбат пәтерді көрсетті (фото)
Шымкент: Жолайрық құрылысына байланысты қаланың біраз бөлігінде газ желісі өшіріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу