Танымал блогер Қазақстандағы ең қымбат пәтерді көрсетті (фото)

Oinet.kz 08-06-2021 1823

Танымал блогер, халыққа баспана алу жолдарын үйретіп, қаржылық сауатын ашып жүрген Дәулет Алматыда орналасқан бағасы 1,5 млрд теңге тұратын пәтердің фотоларымен бөлісті.

Screenshot_1.jpg

Ол Instagram парақшасында Қазақстандағы ең қымбат 7 бөлмелі пәтерді жариялады. 

"Алматыда әл-Фараби көшесінің бойынан ПӘТЕР сатылады. Бағасы 1.500.000.000 (1,5 миллиард) теңге. Немесе 3,5 миллион доллар. Жилстрой, баспана хит ипотекаларына жарамайды, тек қана НАЛИЧКА.

Мінеки, Қазақстан бойынша сатылымдағы ең ҚЫМБАТ 7 бөлмелі пәтер бағасы осындай.

PS: дәл осы ақшаға Алматыдан (Астанадан) 1 бөлмелі 100 пәтер сатып алуға болады-мыс" - деп жазды блогер.

Еске сала кетейік, соңғы бір жылда жаңа пәтер бағасы - 7,3 пайызға, ал, екінші нарықтағы баспана 17,9 пайызға қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросы осылай дейді. Құрылысшылар баспана бағасының өсуі - шетелден келетін құрылыс материалдарының қымбаттауымен байланыстарады. 


Мәдина Сәдуақасова келін түсірді (фото, видео)
Маңғыстаудан қоқыс жеп жүрген жылқылардың фотосы жұрттың жүрегін ауыртты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу