Роза Рымбаева келінімен бірге Қызыл теңіздің түбіне түсті (фото)
Қазақ эстрадасының дүлділі Роза Рымбаева ұлы мен келінімен бірге Мысыр еліне демалысқа аттанды. Отбасылық демалыс кезінде 63 жастағы өнер иесі дайвингпен айналысып, Қызыл теңізді барынша зерттеп көруді шешкен.
Анасының батыл қадамы туралы Әли Оқапов өзінің Instagram парақшасында айтып берді.
"Менің анам барлығынан да мықты екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ол дайвингке өзі сұранып, Қызыл теңіздің түбіне түсті", - деп жазды Рымбаеваның тұңғышы.
Әли Оқапов жариялаған видеодан суға түсуге арналған киім киіп алған Роза Рымбаеваның арнайы маманның көмегімен теңіздің астына түсіп бара жатқанын көруге болады.
Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай