Шымкент: Әл-Фараби ауданы 99,7 пайыз инфрақұрылыммен қамтылған

Oinet.kz 02-06-2021 846

Screenshot_1.jpg

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаевтың қатысуымен брифинг өтті.

Баспасөз мәжілісінде Рашид Мамытұлы жыл басынан бері аудан аумағында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

– Әл-Фараби ауданында тұрғындарды ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамтамасыз ету 99,7 пайызды құрап отыр. Бұл ретте «195 орам» электр жарығы мен ауыз сумен толықтай қамтамасыз етілді. Ал ұзақтығы 282 шақырымды құрайтын 404 көшенің 224 шақырымына (80%) асфальт төселді. Жобалар аясында Сәуле шағынаудандағы 2 көше жөнделіп, орталық аумақтағы 3 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, 404 көшенің 103 көшесі, 400 ауланың 393-і жарықтандырылды. Қазіргі таңда мектеп пен балабақшаға баратын 40 көшені жарықтандыру бойынша ұсыныс берілді, – деді Р.Мыңбаев.

Спикердің сөзінше, өткен жылы аудан аумағында орналасқан 33 спорт алаңшасының 18-не жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2021 жылы демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасын орнату жоспарланған. Бүгінде оның 2-еуі тұрғындардың пайдалануына берілді. Ал жыл соңына дейін 32 спорт алаңшасы салынады.

Сонымен қатар, аталған ауданда жыл басынан бері 6 148 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіріп, оның 4 490 отбасының мұқтаждығы анықталған. Ал ІІ тоқсанда көмекті жалғастыру мақсатында 1 999 отбасы қайта тексеруден өтуде. Бүгінге дейін оның 984-і «мұқтаж» деп танылған.

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында санитарлық тазалықты қадағалау басты кезекте. Бұл жұмыстарды мердігер мекемелер («Нұреке Азия Бизнес» ЖШС-і, «Айдынбек» ЖШС-і) бекітілген кестеге сәйкес аптасына 4 рет, ал жеке секторда 2 рет тазалық жүргізіп отыр.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Ернар Мамыр

Роза Рымбаева келінімен бірге Қызыл теңіздің түбіне түсті (фото)
Шымкент: Ұлттық халық санағының 1-кезеңі басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу