«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова желідегілердің қатаң сынына ұшырады. Оған өнер иесінің кезекті фотосессия себеп болған. Көпшіліктің пікірінше, суреттегі образ 41 жастағы отбасылы әншіге мүлдем сай келмейді.
Мадина Cәдуақасова Instagram парақшасында жанкүйерлерінің назарына жаңа фотосессиясын ұсынды. Алайда, эстрада жұлдызының бұл жұмысы көпшілік көңілінен шыға қоймағанға ұқсайды.
Желі қолданушылары өнер иесінің образын тым ашық екенін алға тартып, мұндай киім үлгісі отбасылы әйелге келіспейтінін жазды. Олардың пікірінше, әншінің бұл кейпі аса ерсілеу болып табылады.