Алтынай Жорабаева: Әйел деген аттан садақа кетіңдер!

Oinet.kz 02-06-2021 4460

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева желіде ЛГБТ өкілдеріне қатысты азулы жазба жариялап, өз пікірін бөлісті. Өнер иесі аталған ұйым мүшелеріне шүйлігіп, олардың елімізде еркін жүруіне тыйым салу керектігін алға тартты.

Screenshot_15.jpg

Алтынай Жорабаева ЛГБТ мүшелері туралы өз ойын Instagram парақшасында жеткізген. Ашуға булыққан әнші соңғы уақытта қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселені көтеріп, оған деген қозқарасымен бөлісті. Эстрада жұлдызы бұл бағытты насихаттап жүргендерге түбегейлі қарсы екенін жасырмады. 

"ЛГБТ жырын жырлап жүргенімізге жарты жылдан асты. Халық неге айқайлап жатыр? Себебі, қорқыныш пайда болды. Ал қорыққан кезде айқайлау, табиғи заңдылық. Әлемдік деңгейде таралып жатқан ЛГБТ жоя алмайтын шығармыз. Бірақ, елімізде тайраңдап жүруіне тыйым сала алатынымыз анық! 29 мамыр күні, ЛБКТ мүшелері, (лесби, бисексуал, квир, транс әйел) болмыстарын насихаттау мақсатында, Шымкентке барып, өздерінің үгіт-насихаттарын жүргізгілері келіп еді. Аллаға шүкір, намысты азаматтарымыз қарсы тұрып, қуып шықты. Енді сол, қуып шықты деп, арыздануда: “Бізге, әйелдерге қол көтерді “ дейді. 

Әйел деген аттан садаға кетіңдер! Алла сендейлердің бетін аулақ қылсын. Әрине, әркім өзінің әрекеті үшін, өзі жауап береді. Оларды кемсітуден аулақпын! Бірақ ұлт болашағына балта шабылуы мүмкін ғой, осылай насихаттала берсе! Ендеше, бұл бассыздыққа қолымыздан келетін тиымды жасайық, халайық! 

Бір жынысты қатынас, жыныс таңдау, т.б. ашық насихаттауға жол беріп, күнде-күнде көгілдірді көстеңдетіп экранға шығарып қойсақ, баламыз болмаса да немереміз сол үгітке ілесіп кетпесіне кім кепіл? Үкіметтің талаптарын халық орындауға міндетті, және оны талап ету жолында қатал бақылау бар. Ал халықтың талаптары талқылаудан ары аспай қала береді ме? 

Қазақтың менталитетіне жат, ғұрпына ұят дүниені тықпалау елді ескермеу емес пе?! Бала-шағамыз бен өз болашағымызды ойласақ, бәріміз бірге қарсы шығайық", - деп жазды ол. 

Айгүл Қосанова: «Тұңғышымның өліміне өзімді кінәлаймын»
Төсін ашып суретке түскен Сәдуақасова елден оңбай сөз естіді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу