Желі қолданушысы арендаға өте қымбатқа беретіндерді қатаң сынға алды
Сәбит Рысбаев есімді азамат бос ғимараттарын жалға өте қымбат бағаға беретін қожайындарды сынға алды. Оның айтуынша, мұндай ашкөздік белең алып бара жатыр. Осының салдарынан ғимаратты жалға алғандар өз шығындарын ақтай алмай, ашылғанынан жабылғаны тез болып жатыр. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Өткенде бір жігіттер тамақ ішетін жер істетпекші болып жер іздейді. Астанада ондай жерлердің арендасы өте қымбат екен. 1.5-3 миллионның арасында. Көлемі үлкен болса бағалар одан да ары кете береді. Үкімет анау, мынау дейміз ау. Өзіміз ше? Тек өзімізді ғана ойлаймыз. Өкіртіп аренда алғымыз келеді. Анау жалға алған адамға бірнәрсе қалады ма жоқ па бәрібір. Ол кетсе орнына басқасы келеді деп ойлаймыз. Содан соң бізде ұзақ мерзімді қызмет берушілер болмайды. Көбісі ашылмай жатып жабылады.
Көп жерлерді білемін неше жылдан бері жалға бергісі келіп жарнама берсе де өтпей тұр. Өтпесе бағасын арзандат. Жоқ олай жасамайды. Бір бағаны айтып тұра береді. Соның жартысын айтқанда бірден өтетін жерлер көп негізі. Айлап, жылдап ешкімге өткізбей қымбат баға айтып тұра береміз. Аренда қымбат болғасын тамақ та, киім кешек та бәрі қымбат болады. Бәріміз ашкөзденіп тек маған болса, мен ғана байысам деген ойдамыз. Әйтпесе бағасын сәл түсіріп елге де, жалға алушыға да пайдасын тигізсе болар еді ау біраз байлардың, - дейді Сәбит Рысбаев.