Анасын ұрған қыз өз ісінің дұрыс емес екенін мойындады (видео)

Oinet.kz 12-05-2021 2043

Күні кеше анасын аяусыз ұрған қыздың видеосы желіде тарап, жұрттың ашу-ызасын тудырған еді. Көп ұзамай осы видеоның жалғасы шықты. Ролик авторы қарияның жағдайы жақсы екенін, әйелдің ауру деген қағазы бар екенін көрсетеді. Автордың айтуынша, жанжал қария мен оның кіші қызының арасында болған. 

Screenshot_8.jpg

“Жағдайым жақсы, ешқандай шағымым жоқ. Арамызда реніш жоқ. Дене жарақатын алмадым”, – дейді қарт кісі видео авторының сұрақтарына.

Бүгін журналист Ирина Советжанқызы жеке парақшасында оқиға кейіпкерлерінің видеосын жариялады. Видеода анасын ұрған қыз Сандуғаш өзінің іс-әрекеті дұрыс емес екенін мойындайды. Ол саябаққа барған анасын үйге бірнеше мәрте шақырған, бірақ анасы тыңдамапты. Содан қызы ашуға булығып анасына қол жұмсапты. Бірақ осы әрекетіне Сандуғаш өкінетінін жеткізді.    

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ирина Советжанқызы (@irina_31tv)

ҚМДБ Ораза айт намазына қатысты мәлімдеме жасады
Қазақтың тілі тіл емес пе, сонда! - Белгілі саясаттанушы судьяны сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу