«Екпе салдырмасаң, керек құжатыңды бермейміз» – еріксіз вакцина алғандар шағымдануда

Oinet.kz 06-05-2021 1094

Екпе алғандар санының күрт көбеюі күмән тудырады. Себебі «вакцинаны күштеп салдырып жатыр» деп шағымданып жатқандардың қарасы көп. Бұл туралы AstanaTV арнасы хабарлады.

екпе.jpg

Осы орайда, Денсаулық сақтау министрлігінің «вакцина салдыру ерікті» деген сөзі құжат күйінде ме? - деген сауал туындайды. Себебі, Түркістан облысында дәрігерлер тұрғындарға «екпе салдырмасаң, тиісті құжатыңды бермейміз» деп талап қойған.

- Түркістан облысының тұрғыны Лаура: «Қызым екі күндей тұмау болып, ауырып жатып қалған үйде, сабақтан қалды. Сосын апайы анықтама әкел деген соң әкесі ауруханаға барды. Анықтама сұраған, мектеп сұратып жатыр қызымның сабақтан қалғанына деп. Сен вакцина алмасаң саған анықтама бермейміз деген. Негізі салдырғысы келмеген еді, – дейді.

Ал министрліктегілер «екпе тек ерікті түрде салынады» деуден жаңылған жоқ. Мұндай факт анықталса, емхана қызметкеріне тиісті жаза қолданамыз дейді.

- Оны асырасілтеу деп есептейміз. Министрліктен мұндай нұсқау болған жоқ. Сондықтан ондай жағдайлар болса, қандай мекеде дәл факті берулеріңізді сұраймыз, – деді Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният

Желіде аяусыз соққыға жығылған әжейдің видеосы пайда болды
Экс-министр Елжан Біртановтың шетелге қашып кетуі мүмкін бе? (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу