«Коронавирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны азайды» - Цой

Oinet.kz 20-04-2021 723

Коронавирус жұқтырғандар саны бір аптадағы көрсеткіш бойынша 46 пайыздан 6 пайызға төмендеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Алексей Цой.jpg

- Наурыздың соңынан бері эпиджағдай күрделеніп кеткен болатын. Алайда кейінгі аптада вирус жұқтырғандар саны наурыздың соңымен салыстырғанда 46 пайыздан алты пайызға дейін төмендегені байқалады. Вирустан қайтыс болғандар саны өткен аптамен салыстырғанда 22 пайыздан 8 пайызға азайды. Бүгінде барлық өңірде санитарлық шаралар қабылданды, - деді Цой Үкімет отырысында. 

Министрдің сөзінше, матрицаға сәйкес, Қазақстан 22 күннен бері "қызыл" аймақта. Жалпы сегіз өңір "қызыл" аймақта. "Жасыл" аймақта Түркістан және Қостанай облыстары.  

Вакцина туралы профессордың түсініксіз ойы желіні шулатуда (видео)
Алексей Цой коронавирус бойынша жаңа болжамын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу