Вакцина туралы профессордың түсініксіз ойы желіні шулатуда (видео)

Oinet.kz 20-04-2021 1461

Вакцинадан қауіп бар ма, пайдасы қандай? Бұл тақырып 31 арнада көрсетілетін "Неге" ток-шоуында қозғалды. Өз ретінде мамандар жауабын берді. 

Күләш.jpg

Журналистің, "Вакцинаның кері әсері бар ма?" - деген сауалына Медицина ғылымдарының докторы, профессор Күләш Құрманова өз жауабын берді.

- Вакцинаның кері әсері жоққа бар деп айтуға болады - дейді профессор. 

Ал, бағдарламаның толық нұсқасына назар салсақ Күләш Құрманова нақты жауабын айтқан.

- Вакцинаның кері әсері жоққа бар деп айтуға болады. Өйткені, вакцина өте жақсы тазаланады. Сосын вакцина тек қана антиденелер құрайды. Жаңа айттым ғой қалай жасалатынын. Аденовирусқа сыртқы антигенін енгізеді. Спайс антиген жасушаларға вирус жұғатын жол. Ал, сол спайсқа антиденелер құралғаннан кейін адам ауырмайды, жұқтырса да - деді Медицина ғылымдарының докторы Күләш Құрманова. 


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhuldyzdy News, VINE's

Қазақстан әйгілі Илон Масктың SpaceX компаниясымен келіссөздер жүргізуде
«Коронавирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны азайды» - Цой
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу