Бес әкімінің аппаратын басқарған Әлімқұлов жылы орнын неге суытты?
Жуырда Шымкент қаласы әкімі аппаратын біраз жыладан бері басқарып келе жатқан Еркеғали Әлімқұлов қызметінен кетті.
- Өзімнің туған жерім Оңтүстік өңірінде 4 жылға жуық атқарған жұмысым аяқталды. Әрине бұл менің мемлекеттік қызметтегі 18 жыл уақытымның ішінде мүмкін көп емес шығар, бірақ өз туған өңіріңде қызмет ету ерекше бақыт. Осы өңірде 5 әкімнің (Атамқұлов, Түймебаев, Әбдірахымов, Айтаханов, Әйтенов) аппаратында қызмет етіп, өңірдің дамуына өз үлесімді қосқаныма Аллаға шексіз ризамын, - депті Әлімқұлов өзінің фейсбуктегі қоштасу жазбасында.
Туған жерге қызмет осыменен түгесіле ме?
Әрине, өмір дегеніңіз өзгерістерден тұрады. Әйтсе де Әлімқұловтың алдымен «отпускіге» кетіп, артынша жылы орнын суытқаны тегін емес сияқты. Мұндайда «Арқа жылы болса, арқар ауып несі бар» деген мәтел еске түседі.
Әлімқұловтың орны енді кімге бұйырар екен?