Елбасы Михаил Горбачевты 90 жасымен құттықтады

Oinet.kz 04-03-2021 1763

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевты 90 жасымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Горбачев пен Назарбаев.jpg

Құттықтауда КСРО тұңғыш президентінің бай жарқын мемлекеттік қызметі үлкен құрметке лайық екені атап өтілген.

- Әлем тарихына орасан зор ықпал еткен үлкен өзгерістер сіздің атыңызбен байланысты. Мерейтойыңызды күш-жігермен, қуатпен, жұмыс істеуді доғармай, өзекті қоғамдық, гуманитарлық және ағарту жобаларын іске асыра жүріп қарсы алып жатқаныңыз қуантады. Біз белгілі бір уақытта бірлесе өткен саралы жолға негізделген достық пен сенімді қарым-қатынастарымызды жоғары бағалаймын, - делінген құттықтауда.

Михаил Горбачев 90 жылдығын 2 наурызда атап өтті. БАҚ мәліметінше, КСРО-ның бұрынғы президенті Кеңес басшылары арасында өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд орнатты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Посольство Казахстана в России (@kazembassy_ru)

Денсаулық сақтау министрлігі Наурыз мейрамына байланысты үндеу жасады
«Мұқағали кімге керек?» - Асқар Жұмаділдаев (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу