Наурыз – мерекелердің төресі!
22-03-2022
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен атап өтуге кеңес береміз. Жаңа жыл мерекесінен кейін коронавирус инфекциясының таралу дерегі көбейгенін білесіздер. Осыған байланысты санитар нормаларды, маска тағу режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырамыз, - деді Марат Шоранов ОКҚ онлайн-брифингінде.