Навальный абақтыдан хат жазды

Oinet.kz 04-03-2021 1175

3 наурызда ресейлік саясаткер Алексей Навальныйдың Instagram-дағы парақшасында оның Владимир облысының "Кольчугино" тергеу изоляторында екені туралы хабарлама пайда болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Навальный.jpg

- Сәлем, бұл тағы Навальный! Бірақ Кремль орталығынан емес, Владимир облысының "Кольчугино" 3 тергеу изоляторынан жазып отырмын.

Тұтқынға этаппен жүріп бара жатқанда "Владимир облысы" дегенде, көңілі түсіп кетеді екен, қайтеміз, жергілікті мекемелердің беделі осындай. Бірақ менің жағдайым жақсы, серуендеу ауласында тіпті турник бар.

Әлі хаттар алмадым, Мәскеуде жүргендегі кезбен салыстырғанда қазір әлемде не болып жатқанын біле бермеймін.  

Кітапханаға әлі кіргізбеді, жалғыз қызық - ас дайындау саласындағы тәжірибе.

Сенесіз бе, жоқ па біз мұнда кепкен нан жасаймыз, оны қызық болады деп ешқашан ойламаппын. Қазір екі ас үй жарысып жатыр: стрит-фуд тағамдары және молекулалық тағамдар.

Стрит-фуд мектебінің жетекшісі - Дмитрий (158-бап, "Ұрлық"). Ол нанды тіктөртбұрыш қып турап, целлофан пакетке салып, ішіне "Ролтон" кеспесінің екі пакетін себу керек дейді, содан кейін ғана пакетті мұқият шайқап, батареяға қою керек.

Молекулалық ас үйде - Сергей (159-бап, "Алаяқтық"). Ол нанды бірдей текшелерге турап, олардың әрқайсына дәмдеуішті қолмен қойып шығады. Содан кейін ғана пакетке салып, батареяға қояды.

Дәл сол Сергей кепкен нан мінсіз болуы үшін, мені Батыстың мықты агенті деп айтып жатқан телешоудың саундтрегіне нанды турау керек дейді. Бұл оны қуантады, ол нан турап тұрып: "Бір жыл бұрын маған біреу Навальныймен нан турайсың деп айтқанда ғой", - дейді.

Сіздерде бәрі жақсы деп және мені сабынбаған шығарсыздар деп үміттенемін. Дұрыс тамақтануды ұмытпаңыз, - делінген оппозицияның хатында.

Саясаткердің адвокаты Вадим Кобзев Twitter-де Навальный тағы екі тұтқынмен карантин камерасында екенін жазды.

Кейінгі тәулікте 804 адамнан коронавирус анықталды
Денсаулық сақтау министрлігі Наурыз мейрамына байланысты үндеу жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу