«Қуандық Бишімбаев жазықсыз» - мемлекет қайраткері (видео)

Oinet.kz 11-02-2021 2649

Мемлекет қайраткері Жақсылық Құлекеев экс-министр Қуандық Бишімбаевты жазықсыз деп есептейтіндігін жеткізді. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты.

Бишімбаев пен Құлекеев.jpg

- Қуандық Бишімбаевты да отырғызды мысалы. Күмәнді нәрсе. Бір адамды ұстайды. Телевизордан көргеніміз, ештеңеден зерттегеніміз жоқ. Бір жігіттің ваннасының астынан ақшаны тауып алады. Ол өмірінде Қуандық Бишімбаевты көрмеген. Онымен ешқандай қарым-қатынаста болмаған. Бірақ, Қуандық Бишімбаевты кінәлі қылып, ақшаны сол алған қылып, апарып оны жазалайды. Ал, оның оған қатысы бар ма, жоқ па? - дейді мемлекет қайраткері.

Жақсылық Құлекевтің айтуынша біздің халық кез келген мәлімет туралы зерттеп, зерделемей жатып кінәлі деп есептейді дейді. 

- Біз солай пікір қалыптастырдық. Өйткені, оның кінәсіздігі дәлелденбей жатып, сол күні барлығын жариялаймыз. Мұның барлығы әрине демократиялық қоғамның пікірлеріне қайшы келеді. Жалпы бұл жақсы құбылыс емес. Сондықтан, министр, әкімдерді түрмеге қамадық деп мақтанбауымыз керек. Бір қоғамда 10 жылда сондай бір құбылыс болып тұрса оны түбегейлі зерттеу керек. Себептерінің бәрін қарап, әкім екінші рет әкім қылмыстық іске тартылмайтындай қоғамда шешім қабылдау керек - дейді Жақсылық Құлекеев.  

Еске сала кетейік, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 2018 жылы пара алу дерегі бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

2021 жылдың көктемгі су тасқыны және найзағай маусымы кезінде су тасқынына қарсы іс-шаралар
Белгілі ғалым Асхат Аймағамбетовтың жүйесіне сын айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу