Елбасы дамыған елдердегі қоғам мен элитаның бөлінуі туралы айтты
Елбасы дамыған елдердегі қоғам мен элитаның бөлінуі туралы айтты. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы дүние жүзі қырғи қабақ соғыстың екінші нұсқасы - идеологиялық шайқасқа қайта оралатынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Бір жыл ішінде посткеңес елдерінде жаппай саяси толқулар, мемлекеттер арасындағы, Орталық Азиядағы, бүкіл үлкен өңірдегі соғысты көрдік. Барлық жерде тұрақсыздық. Тіпті дамыған елдерде де қоғам мен элитаның бөлінуін байқадық. Сарапшылар пікірінше, әлем жаңа биполярлыққа бет бұрды. Бұл тек жекелеген салада емес, бәсекелестік пен даму моделінде де күрестің күшейгенін білдіреді. Шын мәнінде, біз қырғи қабақ соғыстың бір нұсқасы - идеологиялар шайқасына қайта ораламыз. Біз осы жағдайда жылдар бойы құрған сыртқы саяси басымдықтарымызды сақтауымыз қажет, - деді Назарбаев.