Мейрамбек алғаш рет өзінің жағдайы туралы айтты

Oinet.kz 21-01-2021 1595

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев коронавирустан тезірек сауығып кетуін тілеген Қазақстан халқына алғысын білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz.

Мейрамбек Бесбаев.jpg

"Ең әуелі еміме шипа беріп, ел қатарына қайта қосқан Аллаға сансыз шүкірлік. Менің тілеуімді тілеп отырған ата-анама, отбасыма, бауырларыма, өнердегі аға-әпкелеріме, достарыма мың алғыс.

Қадірлі ағайын, сіздердің тілектеріңізге басымды иіп рахметімді айтамын. Ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз. Індеттің бары рас. Сақтаныңыздар. Күтініңіздер", - деп жазды Бесбаев Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, 17 қаңтарда Мейрамбек Бесбаевқа коронавирус диагнозы қойылғаны белгілі болды

Түркістан: Мемлекетке келтірілген залалдың 99%-ы қазынаға қайтарылды
«Cәке» сериалындағы өте адал шенеуніктің образын Тасмағамбетовке қарап жасапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу