Түркістан: Мемлекетке келтірілген залалдың 99%-ы қазынаға қайтарылды

Oinet.kz 21-01-2021 668

Бұл жөнінде бүгін брифинг барысында Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Штаб басшысы Жомарт Аитов мәлімдеді. 

Screenshot_11.jpg

Баспасөз конференциясы Департамент басшысы Хаким Дүйсешұлының қатысуымен өтіп, сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жедел-тергеу бағыты бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстары айтылды.

Штаб басшысы Жомарт Махамедлатипұлы 2020 жылдың 12 айында жедел - тергеу бағытында Департаментпен 97 қылмыс анықталып, оның 72 - сі сыбайлас жемқорлық қылмысы екенін атап өтті. 

Сондай-ақ, өңірде ең көп орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыстары білім беру саласында - 24, жер қатынастары саласында - 13, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық саласында - 9 әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау салаларында - 5, ал құрылыс саласында анықталғаны - 4 екенін назарға алды.

Баспасөз жиынында Жомарт Аитов шағын және орта кәсіпкерлік бизнесіне мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларымен заңсыз араласудың 18 дерегі анықталғанын, 15 кәсіпкердің құқықтары мен бостандығы қорғалып, аталған қылмыстар бойынша жергілікті атқарушы органдарының 10 лауазымды тұлғасы сот үкімімен сотты болғанын тілге тиек етті. 

Бұдан бөлек,  өндірістегі қылмыстық істер бойынша жалпы 1 млрд. 345 млн. теңге залал анықталып, оның  1 млрд. 335 млн. теңгесі, яғни 99%-ы өндірілгенін БАҚ назарына жеткізіп,  баспасөз жиынын қорытындылады.

Түркістан: Пара бергендер мен парақорлыққа делдал болғандарға көрілетін жаза түрі күшейтілді
Мейрамбек алғаш рет өзінің жағдайы туралы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу