Түркістан: Пара бергендер мен парақорлыққа делдал болғандарға көрілетін жаза түрі күшейтілді

Oinet.kz 21-01-2021 643

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Хаким Көшқалиевтің қатысуымен баспасөз брифингі өтті.

Screenshot_11.jpg

Брифинг барысында пара бергендер мен парақорлыққа делдал болғандар және бизнеске заңсыз араласу деректері бойынша жауапкершілікті күшейту мәселелері айтылды.

Бұл жөнінде Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Ғабит Жүндібаев  өткен жылдың  20 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тұжырымдамалық шараларды көздейтін Заңға сәйкес, пара беру мен парақорлыққа делдал болу, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу дерегі үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында қабылданған нормаларға кеңінен тоқталып өтті. 

Ғабит Өмірәліұлы бұл өзгерістер Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында пара берушілер мен делдалдардың жауапкершілігін күшейту жөніндегі  тапсырмасы аясында орындалғанын және Қылмыстық кодекске тиісті түзетулер енгізіліп, лауазымды адамдарды параға сатып алумен әдейі айналысатын, заңсыз сыйақы беру кезінде делдал болған адамдар, елеулі қылмыстық жауаптылықта болатынын жеткізді.

Спикер бұған дейін пара берушілерге ең жоғары жаза 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құраса, қазіргі жаңа Заңнамаға сәйкес, жазаның жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұлғайтылып,  бұл автоматты түрде ауыр құқықтық салдары бар санатқа жататынын, сондай-ақ делдалдар үшін де айыппұлдың мөлшері 2 есеге ұлғайтылып,  бизнесті қорғауды күшейту контексінде, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірмеу мақсатында да Қылмыстық кодекске жауапкершілікті күшейтетін түзетулер енгізілгенін атап көрсетті. 

Ғабит Өмірәліұлы брифинг соңында  азаматтарды  БАҚ арқылы заңсыз сыйақы төлеу арқылы мәселелерді шешуден бас тартуға шақырып, бұл үшін қатаң қылмыстық санкциялар қарастырылғанын тілге тиек етті.

Түркістан: Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жылдық жұмысын қорытындылады
Түркістан: Мемлекетке келтірілген залалдың 99%-ы қазынаға қайтарылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу