«Мәдениеті мен тарихы бай аудан»

Oinet.kz 28-12-2020 783

"Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Төлеби аудандық мәдениет үйінде мәдениет қызметкерлерімен кездесті. Кездесуге «Nur Otan»  партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штаб аппараты төрағасының орынбасарлары, С.Дүйсебаев, С.Бекмұрзаев аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер М.Ермаханбетова, Е.Бектұрғанов, Д.Қуашбай, Т.Тастанов, М.Тұрымбетов қатысты.

image.png

Үміткерлер аталмыш сала бойынша елімізде талай тындырымды тірліктер атқарылып жатқанын, мәдениет қызметкерлеріне бүгінде қолдаудың қарқынды екенін тілге тиек етті. 

Сондай-ақ, «Nur Otan» еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың басты бастамашысы және іске асырушысы. Мемлекетіміздің мәдени жағынан дамуы, елдің рухани байуы ең бірінші ауылдағы талантты,  дарынды адамдарды жарыққа шығаруға тікелей байланысты. Ал біздің елімізді әлемге танытатын да спорт, өнер майталмандары.

 Кездесу барысында Төлеби аудандық сайлауалды штаб аппараты төрағасының орынбасарлары, С.Дүйсебаев және С.Бекмұрзаев мәдениет саласының өкілдерімен танысып, оларға «Мәдениеті мен тарихы бай аудан» атты бағдарламаны таныстырды. «Nur Otan» партиясы біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды. Бүгінде Төлеби ауданында 35 ұлт өкілдері татулықта өмір сүруде. Оның: 69%-ы қазақ, 16.4%-ы өзбек, 5.7%-ы орыс, 8.6%-ы басқа ұлт өкілдері. 

 Бейбітшілік пен келісімді қолдау үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай мынадай міндеттерді қояды: 2025 жылға дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жаңа нысандар салу жоспарланып отыр. Оның ішінде: Ленгер қаласынан 500 орындық мәдениет үйінің құрылысы; Момынай елді мекенінен ауылдық клуб құрылысы; Достық елді мекенінен ауылдық клуб құрылысы; Төлеби ауданының көрнекті тумаларын (Қ.Байболов, Қ.Төлеметов, Т.Тоғысбаев, Қ.Тыныбеков, Б.Түлкиев, Е.Төлепбай, П.Тәжібаева, С.Қонақбаев, Н.Өнербаев) насихаттау. Осындай бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Кездесу барысында жарқын келешекке қойылған жоспарларды ортаға салды. Кандидаттар партияның алдағы бес жылға арналған ауқымды жобалары мен бастамаларының қозғаушы күші боп жүрген қарапайым өнер адамдарының ерен еңбегін лайықты атап өтті. Сондықтан Қазақстанның ең ірі жетекші саяси партиясы «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды.  

«Nur Otan»  партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі

Nur Otan партиясы Төлеби аудандық филиалының Сайлау қоры қаражатынан төленді

«Ұлттық ойын - халық мұрасы»
Сайрам ауданында кезекті "ЭКСПРОМТ" кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу