«Ұлттық ойын - халық мұрасы»

Oinet.kz 07-12-2020 603

Мойынқұм ауданында “Ұлттық ойын-халық мұрасы” атты облыстық ұлттық ойындар спартакиадасы өтті. Жарыс ләңгі тебу, асық ату, теңге ілу және аударыспақ сынды қазақтың ұлттық ойындары бойынша өтті. Облыстық спартакиадаға аудандар қатысып, жүлделі орындарды өзара тартысқа салды. Ұлттық ойындар спартакиадасы санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отыра өтті.

image.png

Спартакиаданы №19 Спорт кешенінде Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды. Сайыста Мойынқұм, Сарысу, Жамбыл, Жуалы, Шу, Талас, Т.Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласының командалары асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, аударыспақ және теңге алу ойындары бойынша бақ сынады. Нәтижесінде Жамбыл ауданы ІІІ-орын, Т.Рысқұлов ауданы ІІ-орын, Мойынқұм ауданы І-орын иеленді. 

Барлық командалар мен қатысушыларға арнайы дипломдар мен кубоктар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

«MERKI-2020» жастар марафоны
«Мәдениеті мен тарихы бай аудан»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу