Еңбек құқығы және азаматтардың әлеуметтік кепілдігі

Oinet.kz 03-12-2020 692

Заңда жұмыс берушінің де, жұмыскердің де құқығы анық айтылған. Десек те, құқығы тапталып, артық іске жегіліп жатқандар, кімге жүгінеді? Кімнен араша сұрайды? Осы орайда «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» ғимаратының мәжіліс залында қалалық мәслихат депутаты – «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Шыңғыс Қозыбаховпен кездесу өтті.

image.png

Жиынға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов, салалық кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ қызметкерлері қатысты. Еркін форматта өткен кездесу барысында қаралған басты тақырыптардың бірі — еңбек адамының құқығы, мүдделерінің қорғалуы. Кәсіподақтар еңбек заңдылықтарын сақтау, еңбек қауіпсіздігі секілді мәселелерді басты назарда ұстайды. Кездесуде бұл мәселелер де талқыланды. 

Сонымен қатар, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Серік Әуесханов еңбек заңдылықтарының негізгі тұстары туралы және жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жасалатын еңбек шартының талаптары, жұмыскердің құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты ақпарат беріп, айында кәсіподақтар 2020 жылдың 11 тарапынан атқарылған жұмыстар бойынша баяндады. 

Шымкент қаласының кәсіподақ ұйымдары азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру мен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету мақсатында біршама жұмыс таратқаруда.

Қолданыстағы Еңбек кодексінде көптеген еңбек қатынастары жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өзара келісу және ымыраға келу арқылы шешілуі қарастырылған және бұл келісім мекеменің, кәсіпорындардың ұжымдық шарттарында белгіленеді. 

Жалпы ұжымдық шарттарда жұмыскерлердің мүдделері мен құқықтары, жұмыс берушінің міндеттері айқындалады. 

Алайда, Шымкент қаласында жалпы жасап тұрған кәсіпорынның ұжымдық шарт жасаудағы көрсеткіші небәрі 7,8 %-ды құрайды. Дегенмен, ілгерілеу бар. Жыл басынан бері 279 кәсіпорын ұжымдық шарт жасаса, оның ішінде мерзімі өтіп қайта жасасқаны 74, ал жаңадан ұжымдық шарт жасағандары 205 болып отыр.

Сондай-ақ, Берік Айдарбекұлы ұжымдық шарт жасаудың маңыздылығын атап өтті. Жалпы 14936 кәсіпорында (92,2%) ұжымдық шарт жасалмағанын және оның басты себебі, оларда кәсіподақ ұйымдары құрылмағанын жеткізді. Соның салдарынан ұжымдық шарт жасасу деңгейі төмен болып отырғанын айтты. 

Өз кезегінде, Шыңғыс Лесбайұлы жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау және оған кепілдік беруді өзінің басты міндет¬терінің бірі деп санайтын кәсіподақтарға алғысын білдіріп, кездесу барысында көтерілген мәселелерді сессияда көтеретінін жеткізді.

Анасынан айырылған ақтөбелік төрт бала элиталы үйге кірді (фото)
Түркістан жасыл қалаға айналатын күн жақын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу