Жанболат Мамай Тасмағамбетовтың сенімді адамы екені рас па? (видео)
Мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетовтың қоғам белсендісі Жанболат Мамайға қаржылай көмек беретіні рас па? Бұл туралы журналист Нартай Аралбайұлының заңгер Ирак Елекеевпен болған сұхбаты барысында айтылды.
Журналистің "Жанболат Мамайдың партиясына Иманғали Тасмағамбетов қаржылай көмектесіп жүргені рас па?" - деген сауалына мемлекет қайраткері өз жауабын берді.
- Рас. Бар ондай әңгімелер. Шын өтірігін білмеймін. Ондай әңгімелер бар. Бір сөзімде айтып қалдым мен. Елбасының өзіндік пікірі бар. Болашақ ел біздің қалай дамиды? Қандай жолы болады. Ертең Қырғызстандағыдай жағдай болмай ма? Бүгінгі күнде оған ешкім жауап бере алмайды. Сол себептен бұл азаматты ұстап отыруы мүмкін. Ол әрбір саясаткердің, биліктегі азаматтың өзінің ойы. Сол себепті мен ойлаймын. Ондай болуы мүмкін. Сөз жоқ ешқандай - деді Ирак Елекеев.