Бокстан Қазақстан чемпионатында жас спортшы сенсация жасады

Oinet.kz 30-11-2020

Бокстан 49 келіге дейінгі салмақта Қазақстан чемпионатының финалында сенсация болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

image.png

Басылым мәліметінше, 29 қарашада Шымкентте ұлттық турнир аяқталды. Оған аса жеңіл салмақта ең жас спортшы болып 18 жастағы Даниал Сәбит қатысқан. Ол жасына қарамастан турнирдің финалына дейін жеткен. Ақтық жекпе-жекте 5:0 есебімен, кезінде WSB (2015) және Азия (2013) чемпионы болған 32 жастағы Теміртас Жүсіповті жеңген.

Басқа салмақ дәрежелері бойынша мына спортшылар жеңді:

52 келіге дейінгі салмақта 19 жастағы Махмуд Сабырхан;

57 келіге дейінгі салмақта Серік Теміржанов;

60 келіге дейінгі салмақта Саматәли Төлтаев;

63 келіге дейінгі салмақта Ертуған Зейнуллинов;

69 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов;

75 келіге дейінгі салмақта Әбілхан Аманқұл;

81 келіге дейінгі салмақта Бекзат Нұрдәулетов;

91 келіге дейінгі салмақта Айбек Оралбай;

91 келіден жоғары салмақта Қамшыбек Қоңқабаев.

Байден құлап, табанын сындырып алды
Шымкентте шағын инвазивті ота жасау бойынша шеберлік сабақтары өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×