Оралда белгісіз ер адам кішкентай қызды автобустан алып түскен

Oinet.kz 19-11-2020 784

Оралда белгісіз ер адам оқушы қызды автобустан алып түскен. Бұл туралы оқиғаның куәсі болған әйел айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz "Надежда" газеті мен "Мой Город" порталына сілтеме жасап.

image.png

Куәгер әйелдің дыбыстық хабарламасы 18 қарашада ата-аналардың WhatsApp-чатында таралды.

- Сағат 12.30-да қызымды мектепке апардым және № 2 автобусқа отырып, жұмысқа кеттім. Алдымда кішкентай оқушы қыз отыр еді және оның қасына шамамен 50 жастағы ер адам отырды да, әңгімеге тартты. Ол оның есімін, қайда тұратынын, ата-анасы қазір қайда екенін, кім болып істейтінін және қазір үйінде кім барын сұрады. Мен күдіктеніп қалдым: егде жастағы ер адамға мұндай сұрақтардың не керегі бар? Әрі қарай тыңдай бердім. Ол қызға қазір бірге түсетінін және әкесі мен қызы сияқты болып, үйге дейін шығарып салатынын айтты. Қызды қолынан ұстады, портфелін, пакетін алды және "Медколледж" аялдамасында түсті, - деп әңгімеледі Орал тұрғыны.

Әйелдің айтуынша, жайсыз бірдеңе сезген соң ол да автобустан түскен және ер адам мен қыздың артынан ерген. Сыртынан қарағанда екеуі шынымен әкесі мен қызы сияқты болған.

- Басқа адамдар байқаған да жоқ. Бірақ мен артқы жағында отырдым және бәрін естідім. Мен қыздың атын автобуста естіп алдым. Сөйтіп оны шақырдым. Ер адам бірден қыздың портфелі мен пакетін ұстатты да "Жастар" аялдамасына қарай қашты. Мен оны үйіне дейін шығарып салдым. Үйінде ағасы күтіп отыр екен, - деді әйел.

Зашаған полиция бөлімінің кезекші бөлігіндегілер мессенджерде тараған ақпаратты растады.

- Қызға қатысты жағдайға байланысты ақпарат таңертең түсті. Инспекторлар қыздың үйіне барды және болған жағдайдың мән-жайын анықтайды. Барлық жағдай анықталған соң нақтырақ айтып бере аламыз, - деді аға сержант Дәурен Қайдаров.

Қыз Сарытау шағын ауданы Зашаған ауылындағы № 50 мектептің төртінші сыныбында оқитыны анықталды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асылгүл Қуанаева ақпаратты растады.

- Қыз сағат 12.20-да мектептен шықты, медколледж ауданында тұрады. Күнде оны әкесі көлікпен алып кетеді, бірақ кеше ол келе алмады және сынып жетекшісіне хабарласып, қызын жіберуді сұраған. Қызды автобусқа отырғаннан кейін осындай жағдай болған. Мессенджерлерде ер адам қызды күштеп шығарған, не болмаса қыздан ақша талап еткен деген сияқты түрлі ақпарат жүр.  Сондықтан біз істің анық-қанығын ашамыз. Қазір осы оқиғаны айтып берген әйел келуі керек. Қыздың жағдайы жақсы, онымен психолог жұмыс істеді. Ол қорықпаған, стресс алмаған, - деді мектеп директорының орынбасары.

Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
Қарағанды тұрғыны өлер алдындағы хатында полицейдің атын жазған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу