Бес айлық нәресте ата-анасының кесірінен иесіз көлікте түнеген
Петропавлда бес айлық нәресте мас ата-анасының кесірінен көлік салонында түнеген, деп хабарлайды Oinet.kz.
11 қарашада кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия ювеналды полиция қызметкерлері 35 жастағы әйел мен оның 29 жастағы азаматтық жұбайына қатысты жиналған материалдарды қарады.
- Олардың бес айлық баласы болса да, екеуі де жұмыс істемейді, алкогольді асыра пайдаланады. Ер адамның туыстарының үйінде тұрған, мас күйінде төбелескені үшін баспанадан шығарып жіберген. Олар бір түнді баламен бірге тастап кеткен, қолданылмайтын автокөлік салонында өткізген, - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Комиссия баланың тағдырын шешті: бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, тексеруден кейін оны нәрестелер үйіне жіберді.
- Ата-анасы алкогольден бас тартып, жұмысқа орналасып, тұрғын үй мәселесін шешуге уәде берді. Орындалмаған жағдайда ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе қаралады, - деп қорытындылады полиция.