Коронавирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төленбейтін болды
ҚР денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі Марат Шоранов онлайн-брифинг барысында дәрігерлерге жұмыс барысында коронавирус жұқтырғаны үшін қаражат төленбейтінін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.
Вице-министр жаңа шешім туралы айтып берді. Енді дәрігерлер қауіпті аймақта жүргені үшін ғана өтемақы ала алады.
- "20 қазаннан бастап қазіргі уақытта жасалған барлық жағдайларды ескере отырып, медициналық қызметкерлерге әлеуметтік төлемдер алуға өтініштерді қабылдау тоқтатылды. Қалған 5% немесе 421 медициналық қызметкерге бір реттік төлемдер қазір аймақтық комиссиялар деңгейінде тіркеу сатысында және олар ақпараттық жүйеге енгізілген", - дейді ол.
Ондай дәрігерлер бойынша төлемдер апта соңына дейін, яғни, 23 қазанға дейін төленеді.
- "Қазан айына дейін тіркелген жағдайларға ғана төленетін болады. Қазаннан кейін тек қана жұқтыру қаупі жоғары болғаны үшін ғана 3 деңгей бойынша қосымша қаражат төлейміз. Бұл жағдайлар басқа инфекциялар сияқты аурухана ішілік вирус ретінде тіркеледі", - дейді Шоранов.