Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізу үшін қажетті қаржы белгіленді

Oinet.kz 21-10-2020 858

Орталық сайлау комиссиясы мәслихат пен мәжіліс депутаттарының сайлау кампаниясына қанша қаражат керек екенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафинаның хабарлауынша, үкіметке шамамен ұсынылған 2020 жылға арналған шығындар сметасы 10,8 миллиард теңгені құрайды. Қаражаттың басым бөлігі - 7,3 млрд теңге сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Қалған 3,5 млрд теңге сайлау комиссиясының ұйымдастыру шығындарын өтейді. Соның ішіне бюллетеньдерді, полиграфиялық немесе басқа да өнімдерді дайындау, сайлау процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында сайлау науқанын ақпараттық қолдау, сондай-ақ сайлау комиссиясы үшін қажетті материалды-техникалық жағдай жасау кіреді. Пандемия жағдайында 341,4 млн теңгеге жеке қорғаныш заттарын сатып алу жоспарланып отыр. Сонымен бірге 2021 жылға арналған бюджетте тағы 4,5 млрд теңгенің шығындары қарастырылған. Бұл қаражатты да барлық деңгейдегі сайлау комиссия мүшелерінің еңбекақасын төлеуге жұмсау көзделуде. 

Жалпы алғанда, парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау кампаниясы үшін 15,3 млрд теңге қажет. 

Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Коронавирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төленбейтін болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу