Шымкентте жиырма жастағы бойжеткенді қылқындырып өлтірген
Шымкенттегі тұрғын үйлердің бірінен қыздың өлі денесі табылды. Полиция хабарлағандай, қыздың мойнында қылқындыру іздері байқалған. Күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.
Шымкенттік қыз екі сыныптасының айуандық әрекетінен кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды
Шымкенттің 18-ші шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен белгісіз қыздың денесі табылғаны туралы хабарлама полицияға 19 қазанда келіп түсті.
- "Тексеру барысында жәбірлеaнушінің жеке басы анықталды. Бойжеткен, 2000 жылы Түркістан облысында ту,ан. Мойын аймағын тексеру кезінде қылқындыру іздері табылды. Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің өлімі қылқынудан болғанын растады", - деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.
Аталған факті бойынша сол күні адам өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан облысының 1997 жылы туған тұрғыны күдікке ілінді.
Қазіргі уақытта күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.