Қызылордада зират өртенді (видео)

Oinet.kz 05-10-2020 1224

Өрт күні кеше 12.30 шамасында тұтанған. Облыс орталығындағы А.Тоқмағанбетов көшесінің бойында орналасқан «Орталық қазақ бейіті» аумағында 2 гектарға жуық қураған шөп жанған. 

Қызылордада зират өртенді

Өрт 15.24-те толық сөндірілді. Оған облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 25 өрт сөндірушісі және 7 техникасы тартылды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Зардап шеккендер жоқ, - деді өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі Бекзат Макулов. 

Оқиға орнында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы, Қызылорда облысы Жұмылдыру дайындығы басқармасы, жедел жәрдем бригадасы, «Қызылорда тазалығы» ЖШС мамандары жұмыс істеді.

Қостанай облысында 17 жасар қыз іздестірілуде
Коронавирустың таралуының беймәлім тұсы аталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу