Қазақстанда күзгі каникулдың уақыты белгілі болды
Еліміздегі мектептерде каникул уақыты кері шегерілмейтін болды. Оқушылар бұрынғыдай демалатын болады, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- "Каникул уақытын ауыстыру жоспарланбаған. Әдеттегідей бірінші тоқсанның соңында 5-15 қараша аралығында өтетін болады", - дейді министрлік.
Бұған дейін әлеуметтік желілер мен ата-аналардың топтарында демалыс 5-18 қазанға ауыстырылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты.
Белгілі болғандай, каникул уақытын ауыстыру туралы шешім Мәскеуде қабылданған. Мәскеу мэрі демалысты 5-18 қазанға ауыстырған.