Тағы бір әкім отставкіге кетті
Бүгін Алматы облысы Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаевтың отставкіге кеткені белгілі болды.
- Мен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес, заң үстемдігін құрмет тұтатын азамат ретінде өз еркіммен отставкаға сұранып, өтініш жаздым. Және бүгін облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы отставкамды қабылдады», - деп жазды Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев фейсбуктегі парақшасында.
Бұған дейін Текелі қаласы әкімдігінің аппарат басшысы парамен ұсталып, қылмысы сотпен дәлелденген болатын. Үкім күшіне енген соң Б.Өнербаев тәртіп бойынша оставкаға кету жөнінде арыз жазған .