Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Oinet.kz 16-09-2020 985

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

image.png

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа пандемия жағдайындағы әлемдік экономиканың дамуына байланысты және Қазақстанның сауда-экономикалық серіктестерінің нарықтарындағы жағдайға қатысты болжамдар таныстырылды.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне қаржы нарығындағы жағдай мен елдегі ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берілді.

- "Қаржы нарығындағы жағдай тұрақты. Биылғы сегіз айда инфляция жеті пайызға жетті. Бұл көрсеткіш біз болжап отырған деңгейде тұр. Базалық мөлшерлемені тоғыз пайыз деңгейінде сақтап қалдық", - деді Досаев.

Тоқаев Маминді қабылдады
Өткен тәулікте тағы 64 адамнан коронавирус анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу