Түркістан Елбасыны күтіп отыр

Oinet.kz 15-09-2020 2298

Түркістандық атқамінерлер Елбасыны күтіп алуға қызу дайындық шараларын жүргізіп жатыр. Ресми емес мәліметтерге қарағанда, Тұңғыш Президенттің Оңтүстікке сапары  қыркүйектің жиырмасынан кейінге жоспарланып отырғанға ұқсайды. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі хабарлайды.

image.png

Алдын ала белгілі болған мәліметтерге қарағанда, Елбасы Түркістанға ат басын тіреп, бірнеше нысандардың ашылуына қатысады.  Соның ішінде Түркістанның халықаралық әуежайының тұсауы кесілмек. Түркістан әуежайы өз тарихында алғаш рет  Тұңғыш президент мінген ұшақты қабылдауы мүмкін. 

Сондай-ақ, осы сапар барысында Н.Назарбаев су тасқынына ұшыраған Мақтаарал ауданындағы елді мекендерге барып, халықпен кездеседі деп күтілуде. 

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Түркістанға соңғы рет былтыр қарашада келіп, бірқатар нысандардың ашылуына қатысқан болатын. 

2018 жылдың маусымында Н.Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан облысы құрылып, оның орталығы ретінде Түркістан қаласы бекітілген болатын.

Ресей Беларуське 1,5 млрд доллар кредит береді
Чакрабарти енді тек Тоқаевтың емес, Мирзияевтың да кеңесшісі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу