Чакрабарти енді тек Тоқаевтың емес, Мирзияевтың да кеңесшісі болды
Еуропалық қайта құру және даму банкінің бұрынғы президенті және Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі Сума Чакрабарти Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевтің кеңесшісі атанды. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің мені экономикалық даму, тиімді басқару және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі етіп тағайындағанын естіп, қуандым. Оның реформалық жобаларын жүзеге асыруға көмектесетін боламын", - деп жазды Сума Чакрабарти.
Еске сала кетейік, 14 қыркүйекте, яғни кеше ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық даму мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған еді.