«Болған оқиғаға кім жауап береді?» - депутат Үкімет басшысын сұрақ астына алды

Oinet.kz 03-09-2020 5057

Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев Үкімет басшысы Асқар Мамин Парламентке келіп, коронавируспен қалай күрес жүргізіп жатқаны туралы толық есеп беруін сұрады. Бұл туралы ол мәжіліс отырысында айтты.

image.png

– Құрметті Асқар Ұзақбайұлы. Сізді парламентке келіп, халықтың, халық қалаулыларының алдында есеп беруіңзді өтінемін. Коронавируспен күресте қандай жұмыстар атқарылды, бөлінген ақша қалай жұмсалды? Неше адам қаза тапты, жағдайдың қиындауына не себеп болды? Министр кетті, бірақ болған оқиғаға кім жауап береді?, – деп сауал жолдады Әлтаев.

Мемлекет коронавирус індетімен күреске жалпы экономика мен әлеуметтік жағдайға алты ай ішінде 7 трлн теңгеге жуық ақша жұмсаған. Депутат оған дейінгі кезеңнен бастап миллиардтаған қаражаттың қайда кеткенін түсінбейтінін жеткізді.

Димаш музыкатану ғылымдарының кандидаты дәрежесін алмақшы
Министр Аймағамбетов Түркістанға мін тақты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу