Халықты қашанғы қинайсыз, Мырзахметов мырза!

Oinet.kz 28-03-2019 968

18fa7a5c516ef757e48f414aec8ff36c4b1905c8-2.jpeg

Тараздың темір жол вокзалында  көлік қоятын жер жоқ. Сол себепті  көлік иелері тәртіп бұзушыларды аңдыған полицейлерге жем болып жүр. Бұл туралы «Фейсбуктегі» парақшасына Исламбек Дастан есімді желі қолданушы жазды.  

Оның жазуынша, тараздықтар облысты басқаруға Асқар Мырзахметов келді деп қуанған. Қаладағы гүлзарлар, саябақтар ретке келтіріле бастаған. Алайда әуежай, автовокзал және теміржол вокзалындағы жағдай әлі де жаға ұстатады.

-Теміржол вокзалындағы жағдайың жаға ұстатқаны ары тұрсын полицейлердің "май шелпегіне" айналып кеттік. Неге олай, қашанға төзе береміз. Шаршаттыңдар. Салық төлейміз, одан қоймай «дұрыс тұрмадың» деп, тағы да айыппұл төлеуге мәжбүр етеді. Неге теміржол вокзалы маңында көліктерге арналған тұрақ келушілердің санына жауап бере алмайды? Арман Молдиярұлы (облыстық полиция департаментінің басшысы, ред.), Еркебұлан Әбілханұлы (облыс әкімінің орынбасары. ред.) кабинеттеріңізден шығып, барып көріңіздер, "часпикте" қанша көлік кететіндігін. Ыңғайлы тұрақ жасамай, полицейлерге қашанға дейін жем бола береміз?!!! Менің сауалыма "отписка" жасап құтыла алмайсыздар. Әкімдік пен полицейлер салық төлеушілерден құралмай ма? Өздеріңіздің поезбен жүрмейтіндіктеріңіз көрініп тұр. Мен көтеріп отырған мәселені күн тәртібіне шығаруды ұсынамын,-делінген автордың жазбасында.

Елордадағы жол апатынан аман қалған фельдшер автобус ішінде не болғанын айтып берді
Билік транзиті қай елдің тәжірибесімен жүзеге асуда?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу