Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
26 наурыз күні елордада автобустардың қақтығысы нәтижесінде зардап шеккен фельдшер апаттың салдарын әңгімелеп берді, деп хабарлайды elorda.info басылымы.
Нұр-Сұлтанда болған қайғылы жол-көлік апатынан зардап шеккен бірнеше адамның бірі, күтпеген жерден жол-жөнекей тап болған қалалық жедел жәрдем станциясының қызметкері, фельдшер Қамар Сәтпағанбетова. Қамар отырған жедел жәрдем бригадасы жол апатына ұшырағанына қарамастан, яғни алған жарақаттарын ұмытып өздерінің негізгі міндеттеріне кірісіп кетті. Біз бүгін Қамардың қал-жағдайын сұрап ауруханаға бардық, бір жағынан әңгімеге тартып кешегі оқиғаның қалай болғанын, мән-жайын сұраған болатынбыз.
Қамар Сәтпағанбетова Ақмола облысының тумасы, Астанада фельдшер мамандығын игеріп, 2013 жылдан бастап осы салада еңбек етіп келеді. Қамар Сарыарқа аудандық жедел жәрдем станциясында қызмет атқарады.
"Біз Қабанбай батыр көшесімен №2 ауруханасына пациент апарып, келе жатырғанбыз. Бағдаршамның қызыл түсінде тұрғанымызда кенеттен артқы жақтан қатты соққы болып, басым көліктің алдыңғы терезіне ұрылды. Содан кейін аз уақытқа есімнен танып қалдым. Кейін көмекшім алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, өз өзіме келдім. Жан жағыма қарасам бізге автобус соққан, ал біз өзіміздің алдымыздағы жеңіл көліктерге соққанбыз. Автобустан у-шу болып адамдар түсіп жатыр. Көп адамның жарақат алғанын байқадым, содан есімді жиып дереу жедел медициналық көмек көрсетуге кірісіп кеттім. Өз жарақатымды ұмытыпта кетіппін. Шынымды айтсам автобуста қансырап жерде жатқанда өзімнің жарақатып есіме де келмеді, себебі бұл менің мамандығым", - деді Қамар Сәтпағанбетова.
Фельдшер сол жердегі адамдардан қосымша бірнеше жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметін шақыруын сұраған.
"Жолаушылардың алған жарақаттарының деңгейі де әртүрлі болды. Жеңілден бастап ауыр жарақат алғандарға дейін. Біз басында 20 шақты адам бар шығар деп ойлағанбыз, кейін оданда көп болып шықты. Мен өз басым сол 20-ға жуық адамға көмегімді тигіздім. Сондай-ақ, жол бойы кетіп бара жатқан жеңіл көліктердегі кісілерде тоқтап келіп, өз көмектерін ұсынып жатты", - дейді ол.
Қамар өзінің зардап шеккеніне қарамастан, оқиға орында 1,15 сағат уақыттай болып өз міндетін атқарды. Кейін оның өзіне жедел жәрдемнің көмегі қажет болған.
Сол сияқты ол өзінің көмекшісінің де жапа шеккенін айтып өтті.
"Жәдел жәрдемдегі үшінші адам менің көмекшім болатын, ол аяғын жарақаттап алды. Олда сол жерде ешнәрсеге қарамастан өз жұмысына қарамастан өз жұмысына кірісіп кетті. Ол әріптесімде соңына дейін адамдарда көмек көрсетіп, содан соң теміржол ауруханасына апарып, аяғына гипс орнатып үйіне жіберілді", - деді ол.
Қазір Қамар №1 қалалық ауруханада жатыр, жағдайы жақсы. Өзін қалыпты сезінеді, қажетті емін алып жатыр. Ауруханадан шыққан соң сүйікті жұмысыма қайта кірісуге дайынмын дейді.
Еске сала кетсек, 26 наурыз күні Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апаты орын алып, үш бердей автобус бір-біріне соқтығысты. Оның салдарынан 30-ға жуық адам зардап шекті, сонымен қатар көше бойында қатар келе жатырған жеңіл автокөлік пен біз айтып отырған жедел жәрдем биргадасы көлігіндегілер де жапа шекті.
Оқыс оқиға салдарынан 2 адам қаза тауып, 29 адам ауруханаға жеткізілді. Және апат орнына қала әкімі Бақыт Сұлтанов шұғыл жетіп, болған оқиғаның мән-жайымен танысты. Әкім өз кезегінде зардап шеккен жандарға тиісті көмектің барлық түрі көрсетілетінін айтып өтті.