Ерлан Қарин ҚР Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды
"Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылсын", - делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Ерлан Қарин 1976 жылы 26 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы (Түркістан облысы), Сайрам ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша 1997 жылы оқыған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультетін 1999 жылы тәмамдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университетінде саясаттану кафедрасында 1996-1998 жылдары мұғалім болған.
Қазақстанның даму институтының Саяси зерттеулер орталығында қызметкер, Ресей және Қытай институты директорының орынбасары қызметін 1998-2000 жылдары атқарған.
Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры 2000-2003 жылдары ретінде жұмыс істейді.
2004-2006 жылдар аралығында Антитеррорлық бағдарламалар орталығының жетекшісі, 2006 жылы Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қоғамдық және саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі болды.
2008 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Сол жылдың қараша айында «Нұр Отан» партиясының стратегиялық даму жөніндегі хатшысы қызметін атқарды.
2014 жылы 16 қазанда ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды.
2017 жылдың 9 ақпанынан бастап соңғы тағайындалуға шейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.