Шымкент қаласы әкімінің орынбасарлары қызметтен неге кеткені белгілі болды
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың екі орынбасары қызметінен өз еркімен кетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің бірінші орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы мен қала әкімінің орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, Алмасбек Мамытбеков денсаулық жағдайына байланысты өз еркімен қызметінен кетті. Сонымен қатар, Ербол Әбілхайырұлы да қызметінен өз еркімен кетуге өтініш жазған.
Алмасбек Кеңесбекұлы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне дейін Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, ОҚО Ордабасы ауданының әкімі және Түркістан облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы қызметтерін абыроймен атқарды.
Алдағы уақытта Алмасбек Кеңесбекұлындай білікті де іскер кадрға жаңа қызмет бұйырады деп сенеміз.