Ақтауда баланы ойын алаңынан әкетіп бара жатқан педофил ұсталды (видео)
Оқиға кеше түскі сағат бір шамасында болды, деп хабарлайды Inaktau.kz.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 124-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. (біле тұра кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық жасамай, арамдық жасау).
Куәгерлердің айтуынша, ер адам қызды алып кеткенде, көршілері оны қорқытып жіберген. Шабуыл жасаушы қашып кетуге тырысты, бірақ көршісі оны ұстап алып, полиция жасағы келгенше күткен.