Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова қиналған халыққа көмектесіп жатыр

Oinet.kz 15-07-2020 7162

Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова қайырымдылықпен айналысып жүр. Жақсылықтың үлкен-кішісі жоқ деген продюсер жағдайы жоқ жандардың денсаулығына алаңдаулы деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_7.jpg

Айдарбекова ауру жайлаған тұста әлеуметтік аз қамтылған, жағдайы төмен отбасыларға қиын екенін жақсы біледі. Қажетті дәрумендер ішпесе, адам денсаулығы сыр беріп, иммундық жүйесі әлсірейді дегенді айтады. Осы себепті қолындағы барын бөлісіп, дәрумендерін таратып жүр. 

"Зорлық-зомбылықтан жан сауғалап жүрген, тіптен 5-6 бала-шағасымен үйінен қуылған, аналар мен балалардың біразы ауырып жазылғанын естіп, онсызда үй-күйінен безіп қиыншылық көріп, жағдайлары мүлдем жоқ жандардан бастайын деп, Хрен өсімдігі қосылған иммунитет көтеруге арналған табиғи витаминдерімді беріп қайттым. Халыққа қандай көмек қажет болса біз дайынбыз, бірігейік. Онсызда ашылған шоттарға елден қалмай салып жатырмыз ғой. Өз тарапымнан да көмегім болсын деп, сауаптың үлкен-кішісі жоқ, қолдан келгенін жасай берейік дегенім ғой.

Продюсер Алматы мен Шымкенттегі ауруханаларға аталған дәрумендерін жіберіп үлгерген. 

"Шымкент және Алматының емханаларына да жібердім. Оның ішінде оқырмандарым да бар екен, анашымның жағдайы ауыр деген сөзді естіп шыдап отыра алмадым. Таңға дейін смс-терден көз ілмедім, 11-30 да көзім қарауытып бара жатқан соң 2 сағат мызғып алып, қайта таратуға кірістім.

Ескерту жасағанмын, ұмытпаңыздар: цитрусқа аллергиясы барлар абайлаңыздар! Басқаша пайдасы болмаса, зияны жоқ. “Адамның емі шөптен” демекші ем болсын! Әйтеуір себебім тиіп, жазылып кетіп жатқандар үшін қуаныштымын. Менің келетінімді естіп, қатты күткендер бар екен, оларды көрсетуге рұқсат жоқ, біразы тығылып терезеден ғана қарап тұрды. Себебі күйеулері іздеп келіп, пышақтап кетуі де мүмкін екен. Тағдырдың тәлкегі түрлі болып келеді екен ғой. Аман болыңыздар, бар болыңыздар! Қиын сәтте, сен тимесең мен тиме, бадырақ көз дегендей, отыра бермей, бірге жеңіп шығайық!", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Зорлық-зомбылықтан жан сауғалап жүрген, тіптен 5-6 бала-шағасымен үйінен қуылған, аналар мен балалардың біразы ауырып жазылғанын есітіп, онсызда үй-күйінен безіп қиыншылық көріп, жағдайлары мүлдем жоқ жандардан бастайын деп, Хрен өсімдігі қосылған иммунитет көтеруге арналған табиғи витаминдерімді беріп қайттым. Халыққа қандай көмек қажет болса біз дайынбыз, бірігейік. Онсызда ашылған шоттарға елден қалмай салып жатырмыз ғой. Өз тарапымнан да көмегім болсын деп, сауаптың үлкен-кішісі жоқ, қолдан келгенін жасай берейік дегенім ғой. Шымкент және Алматының емханаларына да жібердім. Оның ішінде оқырмандарым да бар екен, анашымның жағдайы ауыр деген сөзді есітіп шыдап отыра алмадым. Таңға дейін смс-терден көз ілмедім, 11-30 да көзім қарауытып бара жатқан соң 2 сағат мызғып алып, қайта таратуға кірістім. Ескерту жасағанмын ұмытпаңыздар: цитрусқа аллергеясы барлар абайлаңыздар! Басқаша пайдасы болмаса, зияны жоқ. “Адамның емі шөптен” демекші ем болсын! Әйтеуір себебім тиіп, жазылып кетіп жатқандар үшін қуаныштымын. Менің келетінімді есітіп, қатты күткендер бар екен, оларды көрсетуге рұқсат жоқ, біразы тығылып терезеден ғана қарап тұрды. Себебі ікүйеулері іздеп келіп, пышақтап кетуі де мүмкін екен. Тағдырдың тәлкегі түрлі болып келеді екен ғой. Аман болыңыздар, бар болыңыздар!

Қайрат Нұртас «Маскүнем» әні кімге арналғанын айтты
Қазақстандық кәсіпкер үш балалы ажырасқан анаға екі бөлмелі пәтер алып берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу