Қазақстандық кәсіпкер үш балалы ажырасқан анаға екі бөлмелі пәтер алып берді

Oinet.kz 15-07-2020 1713

Жамбыл облысының тумасы Бақытгүл Ғибадат 3 баласымен адам шошырлық үйде тұрып келді. Күйеуі кетіп қалған. Өзінің денсаулығында кінәрат бар. Не үкіметтен көмек ала алмаған ана көпшіліктен көмек сұрады. 

Бұл туралы "Кел, татуласайық" бағдарламасында айтылды. 

Screenshot_8.jpg

Бақытгүл Ғибадат аса ауыр дертке шалдыққан. Құлағының мүкістігі бар. Алайда мүгедектік туралы анықтамасы жоқ. Оны алу үшін қанша жүгірсе де, нәтиже болмағанын айтады. Сонымен қатар өзі тұрған ауылда да жұмыс таппай дал болған. Өңір басшылығынан еш көмек болмағанын айтып ағынан жарылды. 

Бақытгүлдің жағдайы теледидар арқылы белгілі болған соң оған қол ұшын созғандар табылды. Журналистердің тікелей араласуымен Қарғалы ауданының әкімі Бақытгүлді жұмысқа орналастырған. Бақытүл 2 шілдеден бастап құжаттармен жұмыс істейтін болды. 

Одан бөлек ол аяқ астынан баспаналы болды. Кәсіпкер Жанат Алтынғадысұлы Бақытгүлге екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. 

"Мен Бақытгүлдің жағдайын желі арқылы оқып қалдым. Компания атынан көмек көрсету туралы ойлап жүрген едік. Осы бағдарламаның журналист, редакторлары хабарласып, Бақытгүлдің жағдайын айтып берді. Бәрін егжей-тегжейлі білген соң көмектесуге шешім қабылдадық. Алматы қаласының жанындағы Шамалған ауылынан 4 қабатты үйден 2 бөлмелі пәтер алып береміз", - деді кәсіпкер. 

Бақытгүлдің қуанышында шек жоқ. Ол кәсіпкер мен журналистерге алғысын айтты. 

"Маған баспана болса болды. Таңдау жасамаймын. Пәтерді сатып аламын десе де, тұрғызып салып беремін десе де көнемін. Кәсіпкердің өзі шешсін. Сіздерге рахмет. Алла разы болсын", - деді ол. 

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова қиналған халыққа көмектесіп жатыр
Сәуле Қисықова қызметінен кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу