Әлеуметтік желіде зираттардың видеосы қызу талқыға түсті (видео)

Oinet.kz 15-07-2020 1788

Алматыда жерлеу рәсімімен айналысатын орталықтың бірі күніне орташа 80 адамды соңғы сапарға аттандырамыз деп отыр, деп хабарлайды KTK.kz сайтына сілтеме берген Oinet.kz тілшісі.

image.png

Әлеуметтік желіде бірнеше аптада кенет лық толған зираттардың видеосы қызу талқыға түсті. Көңіл жабырқатар көріністі көпшілік коронавируспен байланыстырады.

Жерлеу рәсімімен айналысатын орталықтар да тапсырыстың бірден үш есеге артқанын айтып отыр. Желіде тараған видеолардағы қаз-қатар тізілген, топырағы кеппеген ондаған мола кімнің де болмасын денесін түршіктереді.

 "Болды, толды. Толды, орын жоқ енді, ары кетсе, бір жиырма адамдық қана жер қалды", - дейді видео авторы. 

Бұл зират Талдықорған шетіндегі Еркін ауылында орналасқан деп көрсетілген. Қазір мұндай бейнероликтер желіде желдей еседі. Алматыдағы Кеңсай зиратының етегі де жаңа қабірлерге толған. Жер қазып жатқан қабіршілер көп. Бейітке ескерткіш тас дайындайтын шеберлер де мұнда беттеген қаралы көштің көбейгенін растап отыр.

Алматыдағы жерлеу рәсімімен айналысатын орталықтың бірі қазір күніне орташа 80 адамды соңғы сапарға аттандырамыз деп отыр. Бұрын бұл көрсеткіш екі жарым есе аз болған екен. 

"Бұрын күніне 27-28 адам, 25 адам қайтыс болса, бүгін, мысалы, 80 адам көз жұмды. Бұрын арнайы қорым, бөлек зират болған. Қазір кез келген зиратқа қойып жатырмыз", - дейді Жерлеу рәсімі орталығының өкілі Марат Исмаилов.

Павлодарлықтың басына секіріп бетінен тепкен 19 жасар жігіт ұсталды (видео)
Қайрат Нұртас: «Тойды көп көрдіңдер, не болды? Күнде өлім болып жатыр»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу