Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Қазақстандық танымал сазгер Кеңес Дүйсекеев өмірден өтті.
Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген. Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1994 ж.). Алматы консерваториясын бітірген (1974 ж.). 1974-1976 жылдары “Гүлдер” ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, 1975-1984 жылдары Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған. Дүйсекеевтің жетекшілігімен “Тамаша”, “Халық — талант қайнары”, “Шабыт”, “Жастарға арналған музыкалық кештер”, “Музыка әлемінде”, т.б. теледидарлық бағдарламалар шығарылды. 1984- 1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. 1997 жылдан “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі. Ол – “Толғау” симфониясының (1984), “Жалаңтөс батыр” симфония поэма-картинасының (1996), “О, дүние” кантатасының (1997),“Жыл мезгілдері” романстар циклінің (1991), “Мәди”, “Аққу Жібек” мюзиклінің, “Алдар көсе” опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әндердің авторы. Дүйсекеев әндерін Р. Рымбаева, Н. Есқалиева, М. Жүнісова, А. Мейірбеков, Н. Өнербаев, М. Дәулетбақова т.б. әншілер орындап жүр.
Марапаттары:
1994 жылы "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
2005 жылы "Құрмет" орденімен марапатталды.
2014 жылы "Парасат" ордені берілген.
Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры.
2016 жылғы ҚР тұңғыш президенті - Елбасының мәдениет саласы бойынша мемлекеттік степендия иегері.
Отбасы:
Жұбайы - Дүйсекеева Баян Кеңесқызы (1947 ж.т.), республикалық медициналық училищесі педагогы. Ұлы - Дүйсекеев Нұркен Кеңесұлы (1976 ж.т.). Немерелері - Дүйсекеев Дәурен Нұркенұлы (2001 ж.т.), Дүйсекеев Дінмұхамед Нұркенұлы (2008 ж.т.)