Тоқаев Ресейге алғыс білдірді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.
Тоқаев бұл туралы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
- Ресей Үкіметі коронавирус пандемиясына қарсы күресу үшін Қазақстанға гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдады. Ресейдің жоғары басшылығына дер кезінде медициналық препараттар мен дәрілер жеткізгені үшін ризашылығымды білдіремін, - деді Мемлекет басшысы.