Тоқаев Қазақстандағы банктерді сынға алды

Oinet.kz 01-07-2020 2382

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев және басқарма мүшелері екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын бағалау бойынша өткен жылғы қаржы-несие саясатына қатысты жүргізілген жұмыстардың қорытындылары, Ұлттық банктің алтын-валюта резервінің ахуалы және Ұлттық қордың активтері жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Screenshot_18.jpg

Мемлекет басшысы қаржы ұйымдарының жұмысын ашық жүргізуді маңызды міндет деп санайды. Бұл мәселе жалған ломбардтар мен микроқаржылық ұйымдардың алаяқтық іс-әрекеттері үдей түсуіне байланысты өте өзекті болып отыр. 

– Ломбардтар мен басқа да қаржы ұйымдарының жұмысына тексеру жүргізіп, аталған саладағы жағдай туралы ақпарат беруді тапсырдым. Бұл жұмысты жылдамдату керек. Тексерулердің қорытындысы негізінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Бас прокуратурамен бірлесіп, аталған саланы реттеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және тұтынушылардың құқығын қорғау жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын, – деді Президент. 

Сонымен қатар экономика мен бизнеске белсенді несиелеу бойынша қолдау көрсету – Ұлттық банктің маңызды міндеті. 

– Соңғы үш жылда экономиканы несиелеудің өсімі аса байқалмады. Банктер жұмыс барысында барынша қолайлы және тиімді жағдай ұсына отырып, әрбір клиент үшін белсенді күреспейді. 

Сонымен қатар қазіргі жағдайда бизнеске қаржы ресурсы қажет және оны жылдам алуы керек. Сондықтан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп, экономиканы, шағын және орта бизнесті несиелеуді арттыру бойынша нақты шаралар қабылдауы қажет, – деді Президент. 

Screenshot_19.jpg

Жиын соңында Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жаңа қонысындағы жұмысына табыс тіледі. Президент Ұлттық банктің көшіп келуі елордадағы қаржы секторын күшейтіп, Үкіметпен және «Астана» халықаралық қаржы орталығымен арадағы жұмысының үйлесімділігін арттыратына сенім білдірді.

Мемлекет басшысы елшілермен кездесті
Тоқаев Ресейге алғыс білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу