Адамды бір күнде өлтіретін оба тарап жатыр

Oinet.kz 01-07-2020 5807

Коронавирус пандемиясымен сәтті күресіп келе жатқан Моңғолия елінде енді бубуон обасы таралуда. Орын алып жатқан келеңсіз жәйттарға байланысты Моңғолия карантинге жабылуда, деп хабарлайды Oinet.kz ақпараттық агенттігі.

image.png

- Бубон обасы – суыр сияқты жабайы кеміргіш жануарлардың бойындағы бүргеден жұғатын бактериалды ауру. Елдің батысындағы Ховд аймағының екі сомонында белгісіз мерзімге карантин енгізілді. Бұл жақта суыр етін жеген моңғолдар жұқпалы кеселге тап болған. Жергілікті тұрғындардың бірі қайтыс болып, бір жас қыз ауыр жағдайда жатыр. Бойжеткен 60 адаммен тікелей қатынаста болып, 400-дей адамммен жанама қатынаста болған болуы мүмкін, - деді елдің Ұлттық зоонозды жұқпалы аурулар орталығы.

2019 жылдың көктемінде Моңғолияда суыр етін шикідей жеген отбасылық жұп бубон обасынан қайтыс болған.

Бубон обасы – суыр сияқты жабайы кеміргіш жануарлардың бойындағы бүргеден жұғатын бактериалды ауру.

ДДСҰ дерегінше, бұл ауру дер кезінде ем жасалмаған жағдайда ересек адамды 24 сағаттың ішінде өлтіре алады.

«Науқас өліп қала жаздаған» -дәрігер мән-жайды түсіндірді (видео)
Камалжан Надыров алматылықтардан көмек сұрауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу