«Шпекбаевтың қызметінен кеткені рас па?» - түсініктеме берілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ғаламторда пайда болған ведомство бастығы Алик Шпекбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл ақпарат Ербол Еділовтің Telegram-арнасында пайда болды.
- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев зейнеткерлік жасқа толуына байланысты қызметінен босату туралы өтініш берді. Зейнет жасына жетуіне байланысты отставкаға кету туралы шешімді мемлекет басшысы қабылдайтын болады", - деп жазды Telegram-арнаның авторы.
Агенттік өкілдері хабарлама шындыққа сай келмейді деп мәлімдеді.
Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті 2019 жылдың маусымынан бастап басқарады. 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болды.
2020 жылы 4 шілдеде ол 63 жасқа толады.